Акцияның мақсаты – мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар тәрбиеленетін орталықтағы балаларды медициналық кешенді тексеруден өткізу. Акция аясында сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың да балалары қамтылды. Мамандар тексеруі барысында балалардың денсаулығы қалыпты екендігі анықталды.
Түрксіб ауданының жасөспірімдер ісі бойынша полициясы сонымен қатар жағдайы төмен отбасыларды аралап, азық-түлік, киім-кешектермен қатар балаларға арналған тәттілер де үлестірді. Мұндай шара қаланың Әуезов ауданында жалғасын тапты. Ал Бостандық ауданында аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлері балалар үйіне барып, арнайы сый-сияпаттар үлестірді. Мереке күні әрбір бала өзі қалаған сыйлықтарға ие болып, қызықты концерт тамашалады.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ